Бұл туралы қара жамылған ана журналист Руслан Өтепбайға берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
”Баламның ұрығын алдырғым келеді, Қазақстанға сақтағым келеді. Сыртқы істер министрлігіне өтініш айтамын, баламның ұрығын Қазақстанға, өз елімізге алып келсек деймін”, - деді марқұмның анасы.
Еске сала кетейік, осы жылдың 20 сәуірінде Қызылорда облысының 16 жасар тұрғыны Сұңқар Сәбит Үндістанда қайтыс болды. Ол анасымен бірге аталық безінің қатерлі ісігін емдету үшін шетелге барған.
Алайда Сұңқар қатерлі ісіктен емес, жүрегінің тромбы жарылуы салдарынан көз жұмған.