Кездесу барысында халықаралық қауіпсіздікті нығайту саласындағы рухани көшбасшылардың рөлі, дінаралық диалогты дамытудың болашағы талқыланды. Осыған орай, Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың ислам әлемі мен Батыс арасындағы сенім мен өзара түсіністікті нығайтуға қосқан қомақты үлесі ерекше аталып өтілді. Астанадағы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезін өткізу жөніндегі Қазақстанның бастамасы дүние жүзінде дәл осы сарында ұғынылады. Дінаралық негіздегі шиеленістерді төмендету, өзге ұлттардың мәдениеттері мен дәстүрлеріне деген құрмет пен төзімділікке тәрбиелеу қажеттілігі атап өтілді. Әсіресе, әлемдегі Ислам рөлінің күшеюі тұсында, ұлттық және діни ерекшеліктеріне қарамастан, басты моральдық құндылықтардың барша адамзатқа ортақ екендігі аса маңызды.
Қ.Саудабаев «біз ислам әлемімен диалог орнату жөніндегі АҚШ Президентінің арнайы өкілінің, ғаламдық және ұлттық деңгейлердегі дінаралық және ұлтаралық диалогты орнату жолындағы игі ісін, оның ҚР-ның ИКҰ-ғы алдағы төрағалығы аясындағы Қазақстанмен дінаралық диалог мәселелері бағытындағы ынтымақтастығын қолдаймыз», - деп мәлімдеді.