"Ырысбаланы ұрысбалаға айналдырып жібердік": Блогерге қатысты дау бітер емес

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды. 

Әлеуметтік желіде тараған блогердің видеолары қызу талқылануда. Тіпті, "көкбет болып кеткен" деп те блогерден отписка жасағандар да болған. 

"Ырысбалаға демалу керек. Ашуланшақ, жүйкесі тозып кеткен. Неше түрлі адамдар бар көңіліне тигізіп сөз айтатын аман болсын! Батыр қыз", "Көп болып жабылмай демесек, Дұрысбала болып қайта ЫРЫСБАЛА болады", "Отписка жасадым. Тура көкбет болып кетті", деген түрлі пікірлер жазды оқырмандар.