“Үш айдан бері көмектеспейді”: Жанель Мақажан экс-күйеуіне қатысты мәлімдеме жасады

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында үш айдан астам уақыт бойы қыздарының әкесі оларға материалдық көмек көрсетпегенін айтты.

“Бұлай сториске шығамын деп 10 ұйықтасам да түсіме кірмепті. Бірақ, рас, 3 айдан асты әкесі қыздарына моральдық, материалдық көмек көрсетіп жатқан жоқ.

2-3 ай бұрын қыздардың әкесі кеткен кезде күтушісін, тамағын, балабақшасын, киім-кешегін, жалпы барлық материалдық жағдайын өз мойныма аламын деген. Сол күйі сөз жүзінде қалды. Бірақ қыздарды қаржылай қамтамасыз ету қажет екенін қанша айтып жеткізгем келгенмен, тыңдалмаған сөз жетім болып тұр. 

Неше той, іс-шара жүргізіп жатқанын ұзынқұлақтан естіп жатырмыз. Бір-екеуін салып, басым көпшілігін жасырып жүр екен. Маған тіпті фото, видеоларын сыртынан жіберіп жатқан адамдар бар. Сол себепті өзіме мықты адвокат іздеймін”, –деді актриса. 

Сондай-ақ, Жанель Мақажан бұл жағдайды көпшілікке жариялауға мәжбүр болғанын түсіндірді.

“Ақшасын жасыратын, басқа да заңға қайшы мәселелерді ашуға тура келетін сияқты. Жалпы еркекті танығың келсе, ажырасқанда көресің деген ұғым бар. Біздің жағдайымыз сол сөздің дәлелі болып тұр. Баланы дүниеге әкеліп, оның барлық жауапкершілігінен қашқан адам адамгершілікпен түсінбесе, онда заң қолдану керек деп ойлаймын. Неге мұны көпшілікке айтып отыр деп сөкпеңіздер. Кей адамдарда бұғатта тұрмыз, ақша сұрап, мазасын алып қойдық”, – деп түсіндірді ол.