Ыстамбұл әуежайында апатқа ұшыраған ұшақ өртеніп кетті

Апат салдарынан бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Доган агенттігі.

Куәгерлердің сөзіне қарағанда, ұшақ апаттық жағдайда қонуға әрекет жасаған, бірақ ұшу-қону жолағынан шығып кеткен. Ұшақ отқа оранды, салдарынан ұшқыш қаза тауып, төрт жолаушы жарақаттанған.

Апат себептері қазірге белгісіз.