Caravan Logo

Ыстамбұлда автобус аялдамасы маңындағы жарылыстан 11 адам мерт болды

Ыстамбұлда автобус аялдамасы маңындағы жарылыстан 11 адам мерт болды


Куәлердің айтуынша, жарылыс таңертеңгі халық көп жүретін кезде аялдама жанынан полиция автобусы өтіп бара жатқан кезде орын алған. Жарылысқа жауапты лаңкестік топ әзірге жарияланған жоқ.

«ТАСС» агенттігінің хабарлауынша, жарылыстан 11 адам қаза тапты, оның жетуі полиция қызметкері. 
Бұл туралы журналистерге оқиға орнына келіп жеткен қала басшысы Васип Шахин мәлімдеген.