Ыстамбұлда Босфор түбі арқылы Азия мен Еуропаны байланыстыратын туннель ашылды

Оның ұзындығы 13,6 шақырым, тереңдігі - 56 метр.

Үкіметтің жоспары бойынша жолды күніне 1,5 млн. адам пайдаланатын болады.

Тунельдің құрылысын 2004 жылдан бері жапон-түрік бірлестігі жүргізді.

Осындай туннель салу керектігі жөніндегі ойды 19-ғасырда Осман империясының сұлтаны Абдул-Меджид айтқан болатын.