Ыстамбұлдағы қазақтар Құрбан айтта бас қосты


Мерекелік басқосуға Қазақстанның Ыстамбұлдағы консулдығының мүшелері, Ыстамбұлда оқып жүрген қазақстандық студенттер және Қазақкент ақсақалдары қатысты. Ыстамбұлдағы Қазақстан консулдығының қызметкерлері құрбандық малын шалып, оны Құрбан айт дастарқанына жиналған қауымға таратты. Жастар жағы күй шертіп, өз өнерлерін көрсетті.