Ыстамбұлдағы жарылыстан жарақат алған әйел бақилық болды

Ыстамбұлдың Сабиха Гөкшен халықаралық әуежайының көлік тұрағындағы жарылыстан 1 адам қаза тапты. Бұған дейін бірі қолынан, екіншісі басынан жарақат алған әуежайдың 2 қызметкері жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді деген едік. Өкінішке қарай, жағдайы аса ауыр деп бағаланған әйелдің өміріне дәрігерлер араша түсе алмады. Жарылыстың себебі әзірге анықталған жоқ.