Ыстамбұлдағы жарылыстарды ТАК ұйымы ұйымдастырған


Ыстамбұл әкімдігі 155 адамның жараланғандығын, оның 19-ның қарқынды терапия бөлімінде жатқандығын мәлімдеді. Жойқын жарылыстарды «Күрдістан жұмысшы партиясымен» (PKK) байланысты «Күрдістанның еркіндік қырандары» (ТАК) лаңкестік ұйымы өз мойнына алды. Лаңкестік шабуылға қатысы бар 13 күдікті қолға түсті.