Ыстықкөл: бозтөріліктер мен милиция өкілі арасында жаппай төбелес орын алды

Тұрғындардың айтуынша, олар қызмет бабын асыра пайдаланады екен. Осы ауыл төңірегінде орналасқан «Асылташ» пансионатында кеше жергілікті тұрғындар мен милиция өкілдерінің арасында жаппай төбелес орын алған.  Кейбір мәліметтер бойынша, қару қолданылды, содан екі адам жараланып, ауруханаға түскен. Дегенмен зардап шеккендердің нақты саны белгісіз. Бірақ наразы жұрт екі милиция қызметкерін «өзіміз жазалаймыз» деп мінез көрсетті. Ал ел билігі қазір жағдай тынышталды деп отыр.


Рахматилло Ахмедов, Қырғыз Республикасы ІІМ
баспасөз қызметі бөлімі бастығының орынбасары:

- Қазір Бозтөрі ауылында тыныш, бір келісімге келді. Аталмыш  оқиғаны  тергеу үшін комиссия  құрылды. Комиссия ішінде жергілікті елдің өкілдері де бар.