Ыстықкөл мен Алматы арасында тұрақты әуе қатынасы ашылады

«2011-ші жылдың 30-шы маусымынан бастап «Алматы - Ыстықкөл» («Тамчы» әуежайы) маршрутымен жаңа апта сайынғы әуе қатынасы ашылады», - деп сейсенбі күні дипөкілдіктен хабарлады.

Бас консулдықтың хабарлауынша, рейстерді қазақстандық «Скат» әуе компаниясы 48 жолаушылық «Ан-24» ұшағымен орындайтын болады.

«Рейстер әр бейсенбі және дүйсенбі күндері болады. Билет құны 33 мың теңге, немесе $225 тұрады», - деді бас консулдықтан.

Әуе рейстері Ыстықкөлдегі туристік маусым аяқталғанша – тамыз айының соңына дейін болады.