Баспасөз қызметінің хабарлауынша, өткен түнде шабуыл жасалған "Газпромнефть Азия" жанармай құю бекеті Бұлан-Сөгеті ауылында орналасқан. "Ғимаратқа бетперде киген белгісіз төрт жігіт басып кірген. Тапаншамен және пышақпен қорқыта отырып, қауіпсіздік қызметінің 3 қызметкері мен бекеттің операторын таңып тастаған. Сонан кейін жанармай сатудан түскен қаражат пен құрбандардың ұялы телефондарын алып кеткен", - деп хабарлады баспасөз қызметі.
Осы оқиға бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Қылмыскерлерді табу үшін арнайы іс-шара ұйымдастырылған.
$1=34,88 сом.