Caravan Logo

Ыстықкөлде ТМД елдерінің халықаралық жастар форумы өтеді

Ыстықкөлде ТМД елдерінің халықаралық жастар форумы өтеді

Форум жұмысына Тәжікстан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Ресей елдерінің депутаттық корпус пен жастар ұйымдарының жас өкілдері, жастар ісі жөніндегі орган өкілдері қатысады. Шараға сондай-ақ, мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға жауапты министрліктер мен мекемелердің өкілдері, Қазақстанның "Нұр Отан" Халықтық-демократиялық партиясының және Қырғызстанның "Ақ Жол" Халықтық партиясының жас депутаттары қатысады.

Жастар ісі жөніндегі департамент мәліметтеріне сүйенсек, форум жастар саясатындағы жұмыс тәжірибесі мен пікір алмасу, жастар арасындағы көкейкесті проблемаларды шешу жолдарын бірлесе іздестіру, басымдыққа ие болатын мәселелерді анықтау мақсатында жүргізіліп отыр.