Ыстықкөлдің оңтүстік жағалауында тұрғындардың бірінен аса қауіпті оба ауруы анықталды


15 жастағы бозбала өткен аптада қызуы көтеріліп, кейін ауруханада көз жұмған болатын. Дәрігерлер бірнеше сараптама жасай келе оның ақыры оба дертінен көз жұмғанын анықтады. Бозбала ата-анасымен бірге тау етегіне демалысқа шығып, сол жерде суыр етінен кәуап дайындап жеген екен. Қатерлі індет сол түз тағысынан жұқты деген болжам бар. Бірақ кәуаптан дәм татқан басқа адамдардан ауру белгілері табылмаған. Десе де қазір обаның табиғи ошағы саналатын Сарыжаз шатқалы маңындағы елді-мекендер карантинге жабық. Тұрғындар мен дәрігерлерге дейін вакцина егіліп жатыр.