Юлия Путинцева Катарда турнирдің негізгі сетіне өтті

Біліктілік мәресінде 18 жастағы қазақстандық украин Ирина Бурясты 3:6, 6:1, 6:4 есебімен жеңді. Атап өтейік, Путинцева WTA рейтингінде 99-шы, ал 26 жастағы украиндық спортшы қыз 333-шы орында.

Қазақстанның тағы бір өкілі, теннисші Зарина Дияс өзінің соңғы матчында ресейлік спортшы Екатерина Бычковадан 1:6, 3:6 есебімен ұтылып, есе жіберіп алды.