Юнас Юнланд «Барыс» хоккей клубынан шығарылды

Клуб және хоккейші екіжақты келісім арқылы келісімшартты мерзімінен бұрын бұзу туралы шешім жасады.

«Клубта да, хоккейшіде де бір-біріне наразылықтары жоқ»,-делінген аталған хоккей клубының мәліметінде.

«Барыс» басшылығы Юнасқа команда сапындағы ойындары үшін алғысын айтып, клубтың ұжымдық жетістіктеріндегі жеке үлесін жоғары бағалап отыр.