ЮНЕСКО-ның бас директоры Бакуге жұмыс сапарымен келеді

" К. Мацууро Әзербайжанға ЮНЕСКО-ның "Субаймақтық деңгейде Еуропада сауаттылықты қолдау: серіктестік орнату және жаңаша көзқарастарды тарату "атты аумақтық конференция жұмысына қатысу мақсатында келді. Аталған шара Гейдар Алиев қорының бастамасымен 14-16 мамыр аралығында өткізіледі", - деп атап өтті министрлікте.

Конференция жұмысына сондай-ақ, білім беру жөніндегі бас директордың орынбасары, ЮНЕСКО-ның бірқатар ерікті елшілері, бірқатар мемлекет басшыларының жұбайлары, Шығыс және Оңтүстік Еуропа елдерінің білім министрлері мен олардың орынбасарлары қатысады.