Баспасөз хатшысының ақпаратына сәйкес, облыста шілденің 23 мен 25 аралығында ЮНИСЕФ-тің Шығыс Еуропа және ТМД елдері жөніндегі ұйым төрағасы Руслан Малюта, ЮНИСЕФ-тің ВИЧ-инфекциясы жөніндегі кеңесшісі Ядранка Милиса мен ұйымның Қазақстан жөніндегі кеңесшісі Айгүл Қадірова бастаған өкілдері жұмыс істеді. "Мамандар облыстық әкімшілікте, денсаулық сақтау департаментінде, облыстық перинаталдық орталықта, СПИД орталығында, "Ана мен бала" орталығында болды. Жалпы алғанда сарапшылар биліктің ВИЧ індетін жұқтырған балалар үшін қолданған шаралар кешеніне көңілі толатындықтарын білдірді", - деді А. Омарова.
Оның айтуынша, делегация өкілдері әсіресе ВИЧ індетін жұқтырған балалардың білім беру мекемелеріне бейімделу жағдайына баса көңіл бөлді. Ол үшін білім беру саласы мамандарының қатысуымен "дөңгелек үстел" өткізілді. "ЮНИСЕФ делегациясының өкілдері сапар материалдары бойынша есептері мен өз нұсқауларын жайырақ ортаға салады", - деді А. Омарова.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті