Юрий Пащинский бильярдтың «Құрастырмалы пирамида» түрінен Әлем чемпионы атынды

Ресейлік Александр Чепиков пен Юрий Пащинский арасындагы бұл сайыста 7:4 есебімен Александр басым түсіп, Әлем чемпионы атанды. Жартылай финалда қырғызстандық Қанат Сыдықов пен ресейлік Никита Ливада қола жүлдегер атанды. Жартылай финалда спорт шеберлігінен үміткер 23 жасар қырғызстандық Қанат Сыдықов Якутиядан келген спорт шебері 26 жастағы Александр Чепиковтен (1:3) ұтылды. Ал Никита Ливада Юрий Пащинскийге 3:6 есебімен есе жіберді. Жүлде қоры 30 мың АҚШ долларын құрайтын бұл додада А. Чепиков 8 мың, Ю. Пащинский 5 мың, ал Қ. Сағындықов пен Н. Ливада 2 500 доллардан алды. Ал 5-8-орын алғандарға 1 мың, 9-16-орын алғандарға 500, 17-32-орын алғандарға 250 доллардан сыйақы берілді.

Былтыр 21-25 ақпан күндері Алматыда өткен Әлем чемпионатының жартылай финалында қазақстандық Қаныбек Сағындықов пен ресейлік Никита Ливада кездескен болатын. Онда 4:5 есебімен басым түскен 15 жасар Н.Ливада Әлем чемпионы, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері 29 жасар Қ.Сағындықов күміс жүлденің иесі атанды. Алматылық Қ. Сағындықов биыл 17-32 орын үшін болған сайыста спорт шеберлігінен үміткер 19 жасар қарағандылық Әлібек Омаровтан 4:1 есебімен жеңіліс тапқан еді.