Бірінші айналымда қазақстандық спортшы мароккандық Ионес Рашидиден екі сетте басым түсті – 6:1, 6:1.
Осылайша, екінші айналымда Юрий Щукин испаниялық Гильерме Алкаидемен кездеседі.
Қазақстанның тағы бір өкілі Евгений Королев осы турнирдегі бірінші матчын голландиялық Джесси Гута Галунгқа қарсы өткізеді.
Королев пен Щукин жұптар разрядында да өнер көрсетуді жоспарлап отыр. Бірінші айналымда олар чехиялық Иво Минар мен словакиялық Марик Семжанның жұбына қарсы ойнайды.