Юсуф Қонақбайұлы: Еліміздегі демалыс орындарына өзімізден көрі, шетелдіктер көп келеді

Caravan.kz медиа порталының тілшісі “Ақбөбек” Балалар демалысы орталығының директоры Юсуф Қонақбайұлынан отандық туризм тақырыбында, аймақтағы туризм жайлы сұхбат алып көрді.

Отандық туризм қазіргі таңда қарқынды дамып келеді.

Сізден Жаңаөзен қаласына қарасты «Кендірлі» демалыс аймағы жайлы сұрағым келіп отыр. Бұл демалыс орнына елбасының өзі жиі демалып тұрады ғой. Ал шет елден келетін туристер және еліміздегі өзге аймақтан келетін туристер көп пе?

«Кендірлі» демалыс аймағы Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының оңтүстігіне таман 70 шақырымда орналасқан. Қарт каспий бойындағы ең үлкен демалыс орындарының бірі. Біздің «Кендірлі» демалыс орнына қарасты vip-резиденция бар, Коса ада деген аралда екі ағаштан жасалған картер орналасқан. Отбасылық картер де, жастарға арналған коттеджер де бар. Біздің демалыс орнына келетін туристерге ойын-сауық отаулары, спорттық кешендері тағы да басқа жағдайлар жасалған. «Кендірлі» демалыс аймағында жүзу бассейндері, моншалар бар. Яғни, айтқым келетіні біздің демалыс орнына келетін шетелден болсын, еліміздің басқа аймағынан келетін жандар болсын, барлық туристерге жағдай жасалған. Үкіметтен, мемлекеттен қолдау болса еліміздің кез-келген аймағын демалыс орнына, туристер ағылып келетін жерге айналдыруға болады. Мемлекет қолдамай жатыр деп айта алмаймын, қолдап жатыр соның арқасында отандық туризм дамып жатыр. Дегенмен, отандық туризмнің дамуы үшін әлі де көп жұмыс жасауымыз керек. «Кендірлі» демалыс аймағына қыстың өзінде 4, 5 мың турист келеді, ал жаз кезінде 10 мыңнан астам турист келеді, тіпті кейде одан да көп болып жатады. Біздің демалыс орнына көбінесе Маңғыстау, Атырау, Ақтөбенің халқы көп келіп жатады. Бірақ еліміздің өзге аймағынан келіп, қарт каспийдің жағасында демалатын жандар да көп. Шет елдерден өзімізге жақын елдерден келеді. Грузия, Түркия, Әзірбайжан, Ресей секілді елдерден туристер көп келіп жатады.

Отандық туризмге өзіңіздің үлесіңізді қосып жүрсіз ғой. Сіздің ойыңызша, Қазақстанда туризм қаншалықты дамып жатыр? Қандай тұстарына басты назар аудару керекпіз?

Жаз мезгілі келгенде барлығымыз да демалыс аймақтарын іздей бастаймыз. Қазақ жерінің табиғаты көркем, еліміздің өзен-көлдері, сай-саласы мен тау-тасы жанға жанға жайлылық, көңілге қуаныш сыйлайтыны сөзсіз. Алматы обылысының өзінде қаншама жер бар. Ол Шымбұлақ, Медеу, Алтынемел, көлсай, Шарын шатқалы. Түркістан облысында Ақсу Жабағылы, Сарыағаш сияқты жерлер бар. Жалпы, Түркістан облысы мен Қызылорда облысында емделіп, денсаулығыңды жақсартуға арналған жерлер өте көп. Солтүстікте Бурабай, Баянауыл, Балқаш, Зеренді, Қарқаралы деген жерлер бар. Ал Шығыста Кеңсу, Алакөл секілді жерлер болса, еліміздің батысында да демалыс аймақтары көп. Маңғаз Маңғыстау 362 әулиелі болғандықтан тарихи орындар өте көп. Атап айтатын болсақ Бекет ата, Шопан ата, Адай ата және өзге де көптеген тарихи орындар бар. Біздің отандық туризмнің, жалпы еліміздің басты жағымды тұсы ол табиғатында. Еліміздің кез-келген мезгілінде, демалыс аймақтары, демалыс орындары бар. Отандық дамымай жатыр дей алмаймын, дамып жатыр. Жалпы, біз алтынның қадірін білмейтін халықпыз ғой. Өзіміздің демалыс орындарымызға, аймақтарымызға көбірек мән берсек екен деймін. Біздің еліміздің демалыс орындарына өзімізден көрі, шетелдіктер көп келеді. Қазақстанда туризмнің ең әлсіз тұсы ол – ішкі туризмнің жарнама жағы кішкене ақсап тұрған сияқты. Неге? Өйткені елімізде демалыс аймақтары, орындар жетіп артылады, тіпті көп деуге болады. Нағыз туристер қызығатындай, шетелдік қызғана қарайтындай әсем табиғатымыз бар. Отандық туризмнің ең әлсіз тұсы, ақсап тұрған жағы ол жарнаманың жетіспеуінде деп ойлаймын.

Сіз Кендірлі» демалыс аймағына қарасты жазғы лагердің басшысысыз. Лагерьге жыл сайын қанша бала келеді? Лагерге тек қана жергілікті мұнайшылардың ғана балалары келе ме? Әлде өзге аймақтан да келетін балалар бар ма?

“Ақбөбек” Балалар демалысы орталығы жазғы каникул кезінде балаларға таптырмас демалыс. Біздің лагерь еліміздегі ең үлкен лагерь, ең үлкен балаларға арналған демалыс орны деп айта аламын. Біз лагерге жыл сайын 2000 мыңнан аса балаларды қабылдаймыз. Бізде 7 ауысым бар, бір ауысымның өзінде 300-ге жуық бала болады. Біздің лагерде көбінесе мұнайшылардың балалары демалады. Біздің демалыс орнында балаларға арналған барлық жағдай жасалған. Біз былтырдан бастап, “BBA Kendirli” жауапкершілігі шектеулі серіктесімен бірге жұмыс жасап жатырмыз. Бұл мекеме балаларға қажет барлық нысандарды салып, лагерге қажетті, әрине балаларға қажетті барлық нәрселерді алып беріп, лагерьді қаматамасыз етіп отыр.

Біздің лагерге басым көпшілігі мұнайшының балалары болғанымен, көпбалалы отбасынан шыққан балаларға да жағдай жасалып, олардан демалып, көңіл көтеріп, жазғы каникулдарын ерекше өткізіп жатады, балалардың жазғы каникулдарын ерекше ету үшін біз де аянып қалмай, барымызды саламыз.

Сұхбат отандық туризм жайлы ғой, соңында айтқым келетін бұрын “Отандық турзим дамымай жатыр, үкімет ішкі туризмге мән бермейді” – деген сөздерді көп еститінбіз. Қазіргі таңда ол сөздерді жоққа шығара аламыз, өйткені үкімет отандық туризмге мән беріп, оның дамуына барынша ат салысып жатыр. Енді біздер, қазақстандықтар шетелде емес, өзіміздің елімізде демалсақ, Қазақстанның туризміне қосқан үлесіміз сол болады.

Айта кетейік, демалыс базасының негізгі міндеті демалып жатқандарды толыққанды демалыспен және тамақтандыру мен қызметкерлердің жоғарғы деңгейімен қамтамасыз ету болып табылады.

«Кендірлі» демалыс базасының аумағында келесі нысандар орналасқан: «VIP» резиденция – құрылыс көлемі 652 м2.

Коса Ада – аралда екі ағаш коттедждер бар.

Отбасылық демалыс коттедждер – 4 дана, біреуінің құрылыс көлемі – 185 м2. Жастар демалысының коттедждері – 13 дана, екіқабатты төртбөлмелі, коттедждердің құрылыс көлемі 122 м2.

20 орынды қонақ үй.