""Қазақмыс" корпорациясына қарасты "Южный" кен орнының №65 шахтасының кеншілері Сәтпаев қаласынан бізге телефонмен хабарласты", -деді Қарағанды облыстық тәуелсіз кәсіподақ ұйымдары конфедерациясының төрағасы Сергей Белкин.
"Ереуілге шыққан кеншілердің хабарлауынша, "Қазақмыс" корпорациясының басшылығы ереуілді бастаған кеншілердің жұмыстан шығаруға уәде берген", -деді С. Белкин.
Бұдан бұрын ақпаратты Сәтпаев қаласының біріккен кеншілер ұйымының бастамашыл тобының мүшесі Қанатбек Мурзатаев телефонмен хабарлаған. Оның айтуынша, кеншілер өз талаптарын ұжымдық келісім-шартына енгізуді басшылықтан бір жарым жылдан бері талап етуде. Бұл талаптар "Қазақмыс" корпорациясы басшылығының қарауына осыған дейін үш мәрте қарауға берілгенімен қабылданбаған. Осыған байланысты кеншілер ереуілге бел байлап отыр.
"Қазақмыс" корпорациясының баспасөз қызметі оқиғаға түсініктеме беруден бас тартты. Тілшіміздің корпорация басшылығымен байланысқа шығуға жасаған талпыныстары нәтиже бермеген.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, дүйсенбі күні кеншілер 13 бөлімнен тұратын талаптары орындалмаса, ереуілге шығатындықтары жөнінде қала әкімшілігі мен корпорация басшылығына хабарлаған. Кеншілердің басты талаптары жалақыны көтеру, еңбек жағдайын жақсарту, ауруына байланысты жұмысқа шықпаған жағдайда өтемақыны толығымен өтеу, жұмыс ауысымын өзгертуді атаған.
Кеншілердің айтуынша, қазір олар он екі сағаттан екі ауысымда жұмыс істеуде. Олардың қойып отырған талаптары үш ауысымдағы 8-сағаттық жұмыс кестесін енгізу.
"Күйеулеріміз егер олар жоғарыға көтерілмесе уайымдамау жөнінде бізді ескертті. Олар қарсылықтарын білдіруде", - деп түсіндірді жағдайды кеншілердің әйелдері.
"Южный" кен орнының №65 шахтасы Қарағанды облысының Сәтбаев қаласында орналасқан.