"Южполиметал" АҚ өндірістік тапсырмаларды орындай алмаған жұмысшылардың жалақысын ғана кешіктірді - компания басшылығы

"Жалақыны қашан болса да жұмыстарын уақытында аяқтай алмай, жоспардың 40-60 % ғана орындайтын 4 цехтан басқа барлық жұмысшылар алды",-деп атап көрсетілген осы компанияның президенті таратқан баспасөз хабарламасында. Сонымен қатар жұмысшылардың наразылық шеруінде осыған дейін БАҚ беттерінде көрсетілгендей 500 емес, 35-40 адам ғана қатысқан деп көрсетілген. Сонымен қатар, Т. Асанбаев бір коммерциялық банктен екіншісіне көшу барысында компания бірқатар қаржылық қиындықтарды бастан өткергендігін назарға салып өткен. Қазіргі кезде банк ауыстыру операциялары толығымен аяқталған. Бұл "Южполиметалл"ӨК"АҚ үшін жалақы берешектерін өтеуге толық мүмкіндік береді,- дейді Акционерлік қоғамның президенті. Оның айтуынша, бүгінгі таңда "Южполиметалл"ӨК"АҚ түсті металл өндіруге арналған шикізаттарға тапсырыс беріп, оның ақшасын толығымен төлеп қойған. "Бұл әрине алдағы 2007 жылы металлургиялық нысанның жұмысын үздіксіз жалғастыруға мүмкіндік береді",-дейді Т.Асанбаев.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті