"Южполиметалл" жұмысшылары жалақы берешегін өтеуді талап етіп наразылық шарасын ұйымдастырды

Бүгін бес жүзге жуық жұмысшы Шымкент қорғасын зауыты маңайына жиналып, жалақы бойынша қарыздарын қайтаруды талап етті. Жұмысшылардың айтуынша, биыл оларға айлық мүлдем төленбеген, жартылай беріліп келген, ал тамыз айынан бері бір тиында алмаған.

Экономика жөніндегі кәсіпорын директоры Баекен Бекмаханов жөндеудің салдарынан жұмыстың тоқтап тұруы мен шикізаттың жоқтығы қаржылық қиындыққа себеп, дейді. Оның айтуынша, жуырда барлық қарыздар өтеледі. "Жақын күндері Шымкентке шикізат келуі тиіс. Зауыт қайта іске қосылып, жалақыны аптаның соңына дейін төлейміз",-деді Б.Бекмаханов.

Агенттік тілшісіне сенімді ақпарат көзі хабарлағандай, "Южполиметалл"ӨК" АҚ несие қарыздарына байланысты қаржы тапшылығы туындаған. "Несиені көп алған, сондықтан да қандай ақша түссе де несиені жабуға жұмсайды",-дейді ақпарат көзі. Сонымен қатар, оның мәліметіне сәйкес, зауыт иелері шикізат базасын ретке келтіре алмай отырған сынды. "Тәжіктермен келісе алмады",-дейді ақпарат көзі.

Осыған дейін хабарланғандай, "Южполиметалл"ӨК"АҚ басшылығы "Адрасмон" тәжік тау- кен байыту комбинатының жетекшілерімен зауытты байытылған қорғасын қоспасымен қамтамасыз ету мақсатында бірлескен кәсіпорын құру туралы келіссөз жүргізген. Және Тәжікстандағы ірі тұз кенін игеру жұмыстарын бірігіп жүргізу жоспарланған болатын.

Алайда, ақпарат көзі кәсіпорынның келешегіне оптимистік көзқараспен қарайды. Ақпарат көзінің пайымдауынша, "соңғы жылдары олар Кентаудағы кәсіпорын, Қарағандыдағы кен орны сынды басқа да активтерге ие болды. Бір- екі нысанды сатар болса несиеден түгел құтылуға болады".


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті