Бұл туралы «Астарлы ақиқат» бағдарламасында мәлім етті, деп хабарлайды Caravan.kz.
Адвокат бұл ретте Қазақстан әскерінде сарбаздардың борышын өтеу кезінде сұмдық жайттар болатынын ашық айтты. Оның сөзінше сарбаздар бір-бірінен ақша сұратып, қорлайтын көрінеді. Кейде тіпті жас жігіттер зорланғандарын да айтқан. Мұндайда адвокат сарбаздарға ештеңеден қысылмай, болған жайтты құқық қорғаушыларға айтуын сұрады. Себебі оны кейін дәлелдеу қиынға соғады, дейді адвокат.
"Мен осындай күрделі істердің талайын көрдім, сотта жәбірленушілерді ауыр істе қорғап та жүрмін. Жас жігіттер жиі хабарласады. Айтатындары әскерде ақша жинау бар. Ақша бермесең «мы тебя «опустим» деп ескертеді екен. Сол үшін ұрады, соғады, насиловать етеді.
«Зачморить» етеміз деген ескертулер алады. Көріп тұрсыз ба қандай терминдер бар. Олардың айтатыны «Не анамызға айта алмаймыз, не әйелімізге айта алмаймыз» дейді. Олардың есімдерін айта алмайтынымды түсініп тұрсыз ғой? Мен айтамын, жағдай болған кезде сараптамадан өту керек еді деп. Әйтпеген жағдайда биоматериалдар жоқ, дәлелдеу қиын. Сондықтан Бекбол Мираштың өліміне қатысты адвокат шығарған айғаққа шошына қарап, оны мүлде жоққа шығаруға болмайды", - деп налыды адвокат.
Айта кетейік, бұған дейін әскерде іш киімінен бірнеше адамның биоматериалы табылған Бекбол Мираштың өлімі қоғамда резонанс туғызған еді. Десе де адвокат Серік Пірәлиев сол күні қызметте болған барлық әскерилердің ДНК сараптамасын жасатып, сарбаздың өліміне шын қатысы бар адамдарды талап еткен болатын. Қазіргі таңда аталған жайтқа қатысты күдіктілер анықталғанымен, оларға сексуалдық сипаттағы әрекет жасады деген айып тағылмады. Тергеу әлі де жалғасуда.