Зайнутдинов Түркия чемпионатында жарақат алып, ауруханаға түсті

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Prosports.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Допқа талас кезінде оның бетіне «Истанбул Башакшехир» ойыншысы Джером Опокудың шынтағы қатты тиіп кетті. Салдарынан отандасымыздың бас сүйегі, көзі және мұрнына зақым келді. Ойыншы Ыстамбұлдағы ауруханалардың біріне жатқызылды. Зайнутдинов матчтың 41-минутында алаңнан кетуге мәжбүр болды.

Бұл ойында «Бешикташ» 1:0 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, 17 қарашада Қазақстан құрамасы өз алаңында Сан-Мариномен ойнаса, 21 қарашада сыртта Словениямен кездеседі.