Зайсанда ескі снаряд табылды

Арнайы тексеріс жүргізілгеннен кейін белгісіз зат ескі минометтің оғы екені анықталды. Оның диаметрі 7,5 см, ұзындығы 33 см.

Зайсан аудандық төтенше жағдайлар, полиция, әскери бөлім және атқарушы билік мамандары снарядты жару арқылы жою шешімін қабылдады.  Бұл шараға 10 маман мен 5 техника жұмылдырылды.

Өткен жексенбі күні күндіз снаряд жойылды, деп хабарлады ШҚО ТЖД.