Бүгінде көксеркеге бай Зайсан көліндегі ахуал күрт нашарлап кеткен. Балық санын дәл осы Зайсанда көбейту үшін кешенді түрде шабақ өсіру жұмыстары қолға енді алынса, бір жағынан заңды белден басқандар маза берер емес дейді прокурорлар. Тіпті шабағына дейін ау салып әкетеді. Уылдырық шашылатын кезде тыйым салынғанына қарамастан браконьерлер көлден көксерке аулап табиғатқа 2 млн теңгенің залалын келтіріпті.
Нұрболат Мақұлбаев, ШҚО прокурорының аға көмекшісі:
-Тұрғындардың айтатыны балықтан басқа айналысатын жұмыс жоқ дейді. Халықтың күнкөрісі тек балық. Бірақ та осы балықпен заңды түрде айналысуға ниеттері жоқ. Мүмкіндігінше заңсыз жолмен пайда іздейтіндер азаймай тұр.