Зәкең тірі болғанда дөкейлер қарсы алатын, қазір мәдениет бөлімінен біреуі де келмейді - Мақпал Жүнісова

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Бұл туралы әнші өзінің желідегі парақшасында жазды.

"Зәкең марқұм билікте болғанда,Қарағандының дөкейлері осылай траптан қарсалып еді,осы жолы барғанда біреуінің төбесін көрмедік,ең болмағанда мәдениет бөлімінің біреуі келмеді ғой", - деп жазды ол.

Көпшілік әншіге қолдау көрсетіп, түрлі пікірлерін жазып жатыр.

"Ия, өкпеңіз орынды Мақпал ханым… Қар жауды, із басылды, - демекші, астыңда тағың, қолыңда күшің бар кезде танымайтынның бәрі туыс, бәрі таныс болады. Биліктегілер көңіл бөлмеді деп мұңаймаңыз. Халықтың Сізге деген ыстық ілтипаты мен құрметінің өзі әрқашан жоғары. Әрдайым абыройыңыз үстем болсын жаным сол", "Енді барлық зат өз уақытымен ғой,заманыңыз жүргенде қарсы алды да", "Намыстанғаным сонша, әкімшілікті белгілеп тұрып салдым, сол жолы. Неғып бір тал гүл беруге жарамадыңдар? Ешкі жеп кетті ма гүлдеріңді ?-деп ой, бетсіздер, ұялмады да ғой. Төркіндеп келгенде біреуі келіп рахмет айтуға жарамады. Макеңнің дымы кеткен жоқ. Халық қошаметпен күтіп алды. Алла осы абройынан айырмасын!", - деп жазуда олар.