"Залда з..бал деп қылқынып, үйде "жан" дейтін әйелдер": Гүлмира Әбіқай коучтерге баратын қыз-келіншектер туралы

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Бұған әнші Меруерт Түсіпбаеваның коучтар туралы посты себеп болған.

"Бұдан басқа терапия, сөз жоқ па? Мен мұны екіжүзділік деп ойлаймын, залда з@бал деп қылқынып, үйіне барып Жан дейтін шығар осы әйелдер. Адамның жүрегін, сезімін бөтен нәрсе емдей алмайды, хайуан мен роботтан айырмамыз сол бізге ем жүрек пен мидан беріледі (құйылады). Мұндай қастерлі күш жер бетінде қыбырлаған еш пендеде жоқ. Сыртынан қылқынып айқайлағанша, көзіне қарап, жүзіне айтқан жөн. 

Бұлар жанын жеп з@бал дегеннен ол жек көрген не ызасын шығарған адамы өзгеріп кетпейді ғой. Өзге үшін өздерінің з.б. шығып кеткен сияқты ғой)", - деп жазды ол.