Заң және тәртіп: Сенат Спикері құқықтық мемлекеттің басты қағидаты туралы айтты

Ол Мемлекет басшысының «Заң және тәртіп» тұжырымдамасын іске асыруда еліміздің өркендеуі және азаматтардың әл-ауқатының артуы басты нәтиже болуы тиіс екенін атап өтті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы

«Құқықтық мемлекетбұл заң, заңның үстемдігі. Бұл сонымен қатар барлық іс-әрекет, барлық қоғамдық қатынастар заң аясында жүзеге асуы тиіс дегенді білдіреді. Еліміз Президентінің «Заң және тәртіп» қағидаты осыдан келіп шығады. Барлығы заңға бағынуы керек. Заңның үстемдігі болуы тиіс. Содан кейін тәртіп болады, одан кейін мемлекеттің дамуы, елдің өркендеуі болады», - деді Мәулен Әшімбаев.

Автор: Caravan.kz