Вице-министрдің пікірінше, басқарушылардың құқықтық сауатсыздығы қолданыстағы заңнамаларды жиі бұзуға итермелеп отыр. Әсіресе мұндай жағдайлар кәсіпкерлік іс-қызмет саласында жиі кездеседі. Осы орайда әкімшіліктер мен кәсіпорындар арасындағы заңсыз келісімдерді мысалға келтірген И.Меркель "әкімдердің қашан көрсең де қаржы тапшылығынан бір құтыла алмай келе жатқан жергілікті бюджеттердің мүддесі дегенді " жиі көлденең тартатынын жоққа шығармайды.
Сол себепті, әділет министрі орынбасарының айтуынша, семинардың басты мақсаты - жергілікті және орталық атқарушы органдардың заң қызметтерінің кәсіптік деңгейін арттыру, заң жобаларын жасаудағы айрықша өзекті проблемаларды дәйектеу болып табылады.