Заң бұзған саудагерлерге қоғамдық бақылау күшейтілетін болды

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды ktk.kz- ке сілтеме жасап.

Сауалнамаға қатысқан ел тұрғындарының 87 пайызы құқықтарының бұзыла беретінін айтыпты. Тек 11 пайызы ғана мемлекеттік органдарға шағымданады екен. «Бұл тұтынушылардың өз құқығын қорғау мәдениетінің қалыптаспағанын көрсетеді», - дейді министрлік өкілі. Сондықтан 3 кодекс пен 4 заңға өзгеріс енгізгісі келіп отыр. Оның ішінде әсіресе, интернеттегі сауда бойынша жүйелі түрде тәртіп бұза беретін сайттар бұғатталуы мүмкін. Ал сатушыдан «сұраса, неге қазақша жауап бермейді?» деген сұрақ сол жабулы қазан күйінде қалды. Бес ай бойы дайындалған заң жобасында бұл мәселе қарастырылмапты. Айта кетейік, құжат енді ғана парламент талқылауына түсті.

Қайрат Төребаев, ҚР Сауда және интеграция вице-министрі:

- Қазақша жауап беру жөнінде бұл мәселені тағы қарастыру керек. Негізі бұл Ата заңымыз ғой, қазақ тілінде сұрақ қойылса, қазақ тілінде жауап беру керек. Бұл тұтынушының құқығы емес, бұл Қазақстан Республикасы азаматтарының құқығы.