"Заң бұзушылықтарға профилактика жасау туралы" заң жобасын жасау қарастырылған. Оны жасаған - Ішкі істер министрлігі. Парламентке енгізілетін уақыты - 2008 жылдың қараша айы", - деп хабарлады З. Балиева.
"Заң жобасы іс жүзінде қазірдің өзінде дайын. Қазір мемлекеттік органдармен келісу жүргізілуде", - деп атап көрсетті ол.
Министр қылмыстардың алдын алу проблемасы өзекті тақырыптардың біріне айнала бастағанын атап өтті. "Құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдарың қызметінде заң бұзушылықтардың профилактикасы басым бағыттардың бірі болуға ұсынылған", - деді ол.
"Аталмыш заң жобасының аясында мемлекет пен қоғамның өзара іс-қимылдарын қамтамасыз ететін заң бұзушылықтардың тиімді профилактикалық және алдын алу жүйесін құру ұсынылып отыр. профилактика субъектілері, олардың құзіреті, заң бұзушылықтардың алдын алудың түрлері мен шаралары, негіздемесі мен олар қолданылатын жағдайлар, осы шаралар қолданылуы мүмкін тұлғалар санаты анықталмақ", - деп атап көрсетті әділет министрі.