"Қазір тергеу оның жоғалуы кәсіби қызметімен байланысты емес деген тұжырымға келіп отыр. Ол Алматыға өзінің жеке басының мәселелерімен келген", - деді Б. Қуанышев. "Біз ол әлі де тірі деп үміттенеміз, өйткені, онымен бірге болғандардың бәрі анықталып, дәйектелді. Қазір онымен бірге кеткен адамдар да жоқ, бұл жайт бізге сенім ұялатады", - деп атап өткен тәртіп сақшысы "қазір журналисті өлдіге санау ерте", деп қосты.
Оның хабарлауынша, департамент наурыз айында ҚР Қылмыстық кодексінің 125-бабы бойынша (адам ұрлау) қылмыстық іс қозғаған. "Бірақ үш ай өткеннен кейін біз бұл бапты ҚР Қылмыстық кодексінің 96-бабына (кісі өлтіру) өзгерттік, өйткені, адам жоғалып кеткелі біразз уақыт өтті", - деді ол. Оның айтуынша, тергеу 5 айдан бері жалғасып жатыр және бас прокурор мен ішкі істер министрінің тұрақты бақылауы астында.
Бөлім бастығы құрылған жедел тергеу тобының ауқымды іс тындырғанын жеткізді. "Тергеу әлі аяқталған жоқ, егер қандайбір жаңалық болып жатса, біз жеке хабарлаймыз", - деді ол.
Еске сала кетейік, О.Омаршанова 2007-жылдың 30-наурызында жоғалып кеткен. 26-наурызда газет бетінде оның "Кровавый беспредел, или Кто стоит за братьями-"махновцами" атты соңғы мақаласы жарық көрген болатын. Бұл мақалада журналист Алматы облысының Маловодное аулыныңдағы қанды жанжалдың себептерін талдаған. Мақаланың соңғы сөзінде мақала газеттің келесі санында жалғастырылатындығы хабарланған.
Сәуірде журналистік ұйымдар ІІМ мен Бас прокуратураға журналисті іздестіру жұмыстарын тездетуді өтінді. Журналистер Оралғайшаның жоғалып кетуін нақты бір мақаламен байланыстырмайды, алайда, оның ғайып болуы кәсіби іс-қызметімен байланысты болуы мүмкіндігін жоққа шағармайды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті