Заңдағы олқылық алтынмен айналысатындардың «қара» нарығына жол ашып отыр


«Қазіргі күні заңсыз алтын іздеушілер осы саладағы өндіріспен айналысатын лицензиясы бар кәсіпорындар аумағына кедергісіз енеді де, сонда «қара кәсіптерін» еркін жалғастырады. Сосын, оларды әлгі кәсіпорыннан грамдам алтынмен ұстап алса да, оларға жауапкершілік жоқ. Тіпті, шығынды есептеп шыққанның өзінде, оларды  жазалаудың қажеті шамалы болып қалады. Сондықтан да, бұл норманы реттеген абзал», - деді А. Рау.

Оның сөзіне қарағанда, Ресейде Кеңес Одағынан бергі уақытта бағалы металдардың заңсыз айналымына қатысты жауапкершілік нормалары сақталған, тіпті заңсыз жолмен өндірілген бір грамм алтын үшін де жауапқа тартылады. «Ал Қазақстанда бағалы металдарды заңсыз өндіру, сақтау мен сату бойынша қылмыстық та, әкімшілік те жауапкершілік қаралмайды. Тіпті, мен Ақмола облысы бойынша кен орындарындағы жағдайды өз көзіммен көрдім. Жамбыл облысында да бұндай фактілер жетеді», - деді вице-министр.