Заңды некеге отырғысы келетіндер қайда дайындалуы керек?

Жобаның қатысушылары - некеге тұрғысы келетін жас жігіттер мен қыздар.

Жас жұбайлар мектебін құрудың негізі - әлеуметтік-демографиялық үрдістердің теріс әсерінде, азаматтық неке, ажырасудың көбейіп, соның салдарынан некесіз туатын, сондай-ақ, толық емес отбасында тәрбиленуші балалардың саны артуы келеңсіздіктерінде жатыр.

«Елордалық АХАТ қызметкерлері жас жұбайлар мектебінің аясында отбасын құрған екі жас бір-бірін түсінісіп, бір-біріне қолдау білдіріп, берік отбасын құруда дағды қалыптастырады деген сенімде. Ал, тату-тәтті отбасы ол - мемлекет өркендеуінің мықты тіні екені белгілі»,-деп жазылған онда.