Заңгер Айгүл Орынбек Бас мүфти туралы: “Шариғатпен жүргісі келсе Ауғанстанға жіберіңдер”

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

”Бас муфти сіз педофилизмді қолдайсыз ба?

“Шариғатта балиғат жасқа келген қыз орамал тағу керек”, депсіз!
Әдетте қыз балаға хайыз (етеккір) келген уақыттан бастап , балиғат жасына жеткен (ержеткен, бойжеткен) болып саналады.
Негізінде қыз балаларға 9 жастан еттекір келеді.
Ал шариғат заңы бойынша еттекір келген 9 жасар қыз тұрмысқа шығу керек!

Біздің ел жәйлап Ауғаныстанға айналып бара жатыр!

Мынау ашық педофилизмге пропаганда ғой!

Біз сонда шариғат заңымен жүру керекпіз бе?

ҰҚК төрағасы Ермек Сағымбаев біздің мүфтиді тергеп тексеріңдер!

Шариғатпен жүргісі келсе Ауғаныстанға жіберіңдер, жүрсін сол жақта шариғат заңымен!

Бізге шариғатпен емес, Қазақстан заңымен жүретін бас имам керек!”, - деп жазды Айгүл Орынбек.