Заңгер Айгүл Орынбек Маңғыстау халқымен кездесті

Жобаның мақсаты: Маңғыстау облысы көлемінде азаматтардың құқықтық және қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында тұрғындарға ақпараттық кеңес беру. Осы жоба аясында өңірдегі әлеуметтік осал топтағы азаматтарға республикалық деңгейдегі сарапшыны тарта отырып құқықтық сауаттылық туралы кездесулер өткізу бағыты бойынша, Қазақстан Республикасының белгілі заңгері, қоғам белсендісі Айгуль Орынбекпен 27-ші  қыркүйек сағат 11:00-де Түпқараған ауданы Ақшұқыр елді мекенінің және сағат 16:00-де Мұнайлы ауданы Қызылтөбе ауылының тұрғындарымен кездесіп, білікті заңгер ретінде халыққа құқықтық сауаттылық, өз құқығыңды қорғау туралы жеке қабылдаулар өткізді.