Заңғар мен Жібек ажырасып кетті. Тұз-дәмі жараспады - Гүлзира Айдарбекова

Гүлзира ханым елдің көкейінде жүрген сұрақтың нүктесін қойды, деп жазды Caravan.kz медиа порталы.

Тікелей эфирде отырған Айдарбекованы халық сұрақтың астына алды. "Кіші келініңіз қайда", "Жібек қайда?", "Кіші ұлыңыз неге жалғыз жүр?", деп тоқтаусыз сауал жазылды. 

Шыдамы таусылған ана "Неге бәріңіз қоймайсыздар? Заңғар мен Жібек ажырасты. Менің түк қатысым жоқ. Тұз-дәмдері жараспады. Заңғар да жақсы, Жібек те жақсы. Үйленгенімен, бірге тұра алмады", деп бар шындықты жайып салды.