"Экономикалық даму, қоғамның тұрақтылығы өзге елдердің азаматтарын біздің елімізге тартып отыр. Мигранттар саны жыл сайын өсе түсуде. Олардың ретсіз келуі біздің ішкі тұрақтылығымызға кері әсер етуіп, әлеуметтік тартыстың себебіне айналуы мүмкін", - деді ол.
"Осыған байланысты мемлекеттік органдар осы бағыттағы жұмыстарды күшейтуі қажет. Себебі, заңсыз көші-қон діни экстремизм мен ұлтаралық алауыздықтың тууына алғышарттардың пайда болуына ықпал етуі мүмкін", - деп атап көрсетті ол.