Заңсыз мигранттар Еуроодақ елдері арасындағы дауға себеп болуы мүмкін

Ал Германияда босқындар көшеде, сондай-ақ, теміржол бекеттерінде түнеп жүр. Көбі -отбасымен келгендер. Жайлы тұрмыс пен жұмыс іздегендерді кәрі құрлық елдерінің бәрі дерлік жолатқысы жоқ. Сол себепті, оларға тіпті қонақүйлерге орналасуға қазір ресми түрде тыйым салынды. Тентірегендерді Франция ғана қолдап жатыр. Осы елдің сыртқы істер министрі Лоран Фабиус келімсектерді қаңғыртпай, оларды бүкіл Еуропа елдері бойынша тең қоныстандыруды ұсынды. Бірақ саясаткердің бұл сөзі қолдау таппай тұр. Оның үстіне мигранттарға тоқтауға ең қолайлы ел Венгрия да, Сербия да емес - Ұлыбритания. Біріккен корольдікте оларға төленетін жәрдемақы да салыстырмалы түрде қомақты, әрі көбіне саяси баспана алуға мүмкіндігі бар. Келімсектердің британ аралдарына асығатыны да сондықтан.

Loading...