Заңсыз сақталған қару-жарақ пен оқ-дәріні сатып алу акциясы жүргізімек

Қазақстанда 1-30 қыркүйек аралығында халықтан заңсыз сақталудағы атыс қаруы мен оқ-дәріні сатып алу акциясы жүргізіледі, деп хабарлады республиканың ІІМ баспасөз қызметінен.


           Сәрсенбіде ІІМ таралған хабарламада атап өтілгендей, тіркелмеген атыс қаруын, оқ-дәрілерді, қопарғыш заттарды өз еркімен өткізген тұлғалар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады.
           Техникалық жағдайына қарай қарудың әр бірлігіне өз еркімен өткізген жағдайда 10-100 есептік айлық көрсеткіш көлемінде ақы төлеу көзделген.
           Қазақстанда 1 айлық есептік көрсеткіш1731 теңгені құрайды.
           Баспасөз қызметінің деректеріне қарағанда, өткен жылы да осындай акция өткізілген. Оның барысында азаматтар өз еркімен 12 мың бірліктен аса атыс қаруын, 267 мың оқ, 43 қопарғыш құрылғы, 28 кило жарылыс жасауға арналған зат өткізген.