Заңсыз табылған ақшаны заңдастырумен шұғылданатын фирмалардың қызметіне қатаң тосқауыл қою керек - премьер-министр

"Кеше бұқаралық ақпарат құралдарында бір кәсіпкер: "Бізге анадай емес, мынадай мөлшерлеме жасау қажет. Өйткені, ақшаны заңдастыратын кеңселер мемлекеттен ақшаны аз алады деген сөздер айтты", - деді К. Мәсімов.

"Сіздердің бөлімшелеріңізде (Қаржы министрлігінде) қаржылық барлаумен айналысатын жаңа комитет құрылды. Қаржы полициясымен бірлесе отырып, біріншіден, сол адамнан қандай заңдастыратын компаниялар бар екенін сұраңдар", - деді ол қаржы министрі Болат Жәмішевке арнаған сөзінде.

"Егер ондайлар бар болса, үлескерлерді алдаған құрылыс компаниялары секілді оларды анықтап, қамау керек", - деді К. Мәсімов.

"Әйтпесе, олар бізбен саудаласа бастады. Ақшаны заңдастыратындар осынша алады, ал, сендер, мемлекет осынша алыңдар дейтін болды", - деп ашуланды үкімет басшысы.

"Бұл мәселені қаржы полициясымен бірлесе отырып бақылауға алыңыздар", - деді сөз соңында премьер-министр.