Заңсыз жолмен 2,5 центнер балық алып кетпек болған Ресей азаматшасы құрықталды


35 жастағы әйел өткен демалыс күні «Құрманғазы авто» бекетінде ұсталған, деп хабарлайды ҰҚК Шекара қызметі.
Хабарламаға қарағанда, «Лада» көлігімен Ресейге бет алған әйелдің машинасынан 2,5 центнер балық табылды. Аталған факті бойынша тергеу-тексеру амалдары жүріп жатыр.