Заңсыз жолмен 51 тонна мұнай битумын өткізбек болған ресейлік азаматтар ұсталды

«Скания» және «МАЗ» жүк көліктерін шекаралық тексеруден өткізу кезінде аталған екі азамат жалпы салмағы 51 тонна  мұнайлы битумға қатысты құжаттарды көрсете алмады.

Ұсталған жүк ҚР Қылмыстық кодексінің 197 бабының 1-тармағы бойынша рәсімделіп (мұнайды және мұнай өнімдерін тасымалдау, сатып алу,


сату, сақтау, сондай-ақ құжатсыз мұнайды өңдеу), материалдар Батыс Қазақстан облысының Мемлекеттік кіріс департаментіне берілді.

ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.