Әнші көше сыпырушының киімін киіп, көше сыпырып кетті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.
Әнші мұндай қоғамдық жұмысқа 40 сағат бойы тартылатынын айтқан.
«Соттың шешімі солай болды, түске дейін паркте болдық, түстен кейін осы мекенжайдамыз. Әр елдің өз заңы болады, ол заңға бәріміз бағынуымыз керек. Ұлы дала баласы өзінің ұлы даласын сыпырып жатыр. Бұл бізге «Западло» емес. Өзімізде аула сыпырамыз үйде, мусор төгеміз дегендей... Аман болыңыздар, ананың бәрін жинап тастадық міне», - дейді әнші.
Өнер иесін қолдаушылармен қатар, даттаушылар да табылған. Олар:
«Видеоға түсірмей-ақ осыны істей берсең болмады ма? Бәрі көше сыпырады, айды аспанға шығарудың қажеті жоқ», «Западло болмаса мені де шақырмадың ба? Бірге сыпыратын едік», «Түк жараспайды екен, адамның күлкісін келтіріп, видеоға түсіргеніңіз не?» деп жазды олар.