Запастағы офицерлер екі жылға әскери қызметке шақырылады

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы BAQ.KZ-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Әскери қызметке жарамды және оны өтемеген запастағы офицерлер 2024 жылы заңнамада белгіленген тәртіппен 24 ай мерзімге әскери қызметке офицерлік лауазымдарда әскери қызмет өткеруге шақырылсын, - делінген құжатта.

2024 жылы әскери қызметке шақыруға жататын запастағы офицерлер саны.

Қарулы Күштер – 600 адам;

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі – 80 адам;
Ұлттық ұлан – 42 адам;
Төтенше жағдайлар министрлігі – 30 адам.
Барлығы 752 адам қызметке шақырылады.

Қаулы 2024 жылғы 9 ақпанда күшіне енеді.