Запастағы офицерлер Қазақстан Қарулы күштерінің әскери қызметіне шақырылды

Қаулыға сәйкес, әскери қызметке жарамды және одан өтпеген 548 офицер екі жыл мерізіммен шақырылады. Оның ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне 100 офицер, төтенше жағдайлар министрлігіне 4 адам шақырылады.

Қорғаныс министрлігінің бөлімшелеріне 18 офицер-мотоатқыш, 10 танкист, 129 артиллерист, әуеден қорғаныс қызметіне 51 офицер, 47 байланысшы, 50 офицер - электрондық-есептеу техникасы бойынша инженер, 45 офицер - тәрбиелеуші және басқа да мамандар жіберіледі.

Аталмыш қаулы бірінші жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн ішінде күшіне енеді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті